ТДМ №3: Қозғалыс қуаты: Фараби кубогіFarabi University

ТДМ №3: Қозғалыс қуаты: Фараби кубогі

31 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде салауатты өмір салтын қолдау, студент жастар арасында бұқаралық спортты дамыту және командалық рухты нығайту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жүгіру бойынша “Фараби кубогі” жарысы өз мәресіне жетті.

Биылғы жарысқа университеттің барлық факультеттерінен жүздеген студент қатысты. Спортшылар дайындық деңгейлері мен физикалық төзімділіктерін көрсетіп қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетті. Жарыс арнайы белгіленген қашықтық бойынша ҚазҰУ қалашығының аумағында өтті. Қатысушылар үшін қауіпсіздік шаралары мен ұйымдастыру талаптары толықтай қамтамасыз етілді. Қызу тартысқа толы дода нәтижесі төмендегідей:

  • 1-орын — Экономика және бизнес жоғары мектебі (ЭжБЖМ)

  • 2-орын — Механика және математика факультеті

  • 3-орын — Химия және химиялық технологиялар факультеті

Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз!
Мақсатқа жетудегі табандылықтары, жоғары дайындықтары мен жеңіске деген жігерлері – барша ҚазҰУ жастары үшін үлгі болмақ.

Бұл шара университет қауымдастығының дене шынықтыру мәдениетін көтеріп, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан маңызды үлесі ретінде бағаланады.