ТДМ №4: “Естен кетпес” таныстыру кеші ұйымдастырылдыFarabi University

ТДМ №4: “Естен кетпес” таныстыру кеші ұйымдастырылды

13 қараша, 2025

Университетіміздің Физика-техникалық факультетінде ерекше көңіл күй сыйлаған “Естен кетпес” атты мерекелік кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде студенттердің шығармашылығы мен бірлігін айшықтаған “Естен кетпес” атты дәстүрлі таныстыру кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара факультетте ерекше әсер мен жылы атмосфера қалыптастырды.

Кештің негізгі мақсаты – жаңа оқу жылында бірінші курс студенттерін факультеттің құрылымымен, академиялық мүмкіндіктерімен және студенттік ұйымдармен таныстыру, сондай-ақ олардың жаңа ортаға бейімделуіне қолайлы жағдай жасау болды. Сонымен қатар факультеттің мәдени, әлеуметтік және ұйымдастырушылық жұмыстарында ерекше белсенділік танытқан трипаштар жыл бойғы еңбектері үшін марапатталды.

Іс-шара барысында:

  • студенттік ұйымдар өз қызметі туралы ақпарат беріп, жаңа студенттерге бағыт-бағдар ұсынды;

  • шығармашылық нөмірлер, музыкалық орындаулар мен юморлық қойылымдар көрсетілді;

  • белсенді студенттер мен ұйымдастырушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Кеш достық атмосферасымен, әсерлі сәттерімен және студенттердің ашық шығармашылығымен есте қалды. Бұл жоба факультет жастарының бірлігін нығайтып, оқу жылына серпін беретін маңызы жоғары шара ретінде бағаланды.