- Басты бет
- Жаңалықтар
- Макроэкономикалық цикл және бизнес стратегиясы: студенттердің тәжірибелік талдауы
Макроэкономикалық цикл және бизнес стратегиясы: студенттердің тәжірибелік талдауы
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 8 («Тұрақты экономикалық өсу және жұмыспен қамту») және 9 («Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым») мақсаттары аясында студенттер арасында «Макроэкономикалық цикл және бизнес стратегиясы» тақырыбында топтық талдау сабағы өтті.
Сабақ барысында қатысушылар Kaspi.kz, Алель Агро, Galanz Bottlers және Рахат АҚ компанияларының қызметін экономикалық өрлеу, құлдырау және жандану кезеңдерінде талдап, олардың макроэкономикалық циклге бейімделу стратегияларын ұсынды.
Топтар нақты қаржылық көрсеткіштер мен нарықтық деректерге сүйене отырып, компаниялардың циклдік тұрақтылығын бағалап, нәтижелерін презентация түрінде қорғады.
Осындай тәжірибелік форматтағы сабақтар студенттердің аналитикалық ойлауын, деректермен жұмыс істеу және экономикалық шешімдерді негіздеу дағдыларын дамытады.
Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасының оқытушылары Сағынбай Ә.Ғ., Мурабилдаева Р.А.
Басқа жаңалықтар