Тұрақты қала – қауіпсіз болашақ: ашық, өміршең және экологиялық үйлесімді ортаFarabi University

Тұрақты қала – қауіпсіз болашақ: ашық, өміршең және экологиялық үйлесімді орта

4 қараша, 2025

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы И.К.Азимбаева 2025 жылдың 4 қарашасында «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 3 курс студенттерімен № 17 студенттер үйінде «ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер» мәселесіне арналған ашық тәрбие сағаты өткізіліп, студенттермен бірге Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайына экскурсия жасалды. Шара барысында қалалардың ашықтығы, қауіпсіздігі, өміршеңдігі мен экологиялық тұрақтылығы туралы әңгіме қозғалып, қазіргі урбанизацияның қоршаған ортаға тигізетін әсері талқыланды.

Мұражайдағы заманауи экологиялық бағыттағы көрмелер студенттерге қала кеңістігіндегі жағымсыз экологиялық әсерлерді азайту, жасыл технологияларды қолдау және тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру жөнінде тың ойлар берді. Экскурсия білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, тұрақты болашақ құрудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.