Тарихи мұра және музей ісіFarabi University

Тарихи мұра және музей ісі

7 қараша, 2025

2025 жылдың 3–7 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы музей қызметкерлеріне арналған «Тарихи-мәдени мұра және материалдық емес мәдени мұраларды ғылыми атрибуциялау, музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырып, өткізді.


Курс бағдарламасы қазіргі музей ісіндегі өзекті мәселелерді қамтып, қатысушыларға ғылыми атрибуцияның заманауи тәсілдері, музей коллекцияларын зерттеу және құжаттау стандарттары, материалдық және материалдық емес мәдени мұра объектілерін жүйелеу әдістері бойынша жан-жақты білім беруді мақсат етті.
Оқыту барысында кафедраның жетекші оқытушылары мен сарапшы мамандар дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді. Тыңдаушылар экспозициялық жұмыстарды жоспарлау, коллекцияларды ғылыми сипаттау, музейлік зерттеу жобаларын ұйымдастыру, далалық материалдармен жұмыс істеу сияқты бағыттарда тәжірибе жинақтады.
Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Іс-шара музей мамандарының кәсіби дағдыларын жетілдіруге және ғылыми-тәжірибелік байланыстарды нығайтуға үлес қосты.

200