8D02308 Орыс филологиясы
Мақсат : Орыс филологиясы саласындағы жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды, сондай-ақ білім беру жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушы кадрларды: ғылыми қызметкерді, жоғары оқу орнының оқытушысын, инновациялық даму жөніндегі басшыны, газет, журналдың бас редакторын даярлау.
Сипаттама
8D02308 Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы төмендегі Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға ықпал етеді:
ТДМ 4 «Сапалы білім беру». Бағдарлама жоғары білікті зерттеушілер мен оқытушыларды даярлау, ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту, озық ғылыми білім мен зерттеу тәжірибесін тарату арқылы іске асырылады.
ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту». Бағдарлама тілдік және мәдени әртүрлілікті зерттеуге, мәдениетаралық диалогты дамытуға, білім беру мен ғылымдағы инклюзивті тәсілдерді қолдауға бағытталған.
ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік». Бағдарламаның іске асырылуы халықаралық және пәнаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен зерттеу жобаларына, іргелі және қолданбалы зерттеулерге қатысу, академиялық ұтқырлық, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ шетелдік және отандық зерттеу орталықтарымен, университеттермен және мәдени ұйымдармен өзара іс-қимыл арқылы қамтамасыз етіледі. Ғылыми білім трансферіне, пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға, тұрақты ғылыми мектептер мен зерттеушілер қауымдастықтарын қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Білім беру бағдарламасы
Орыс филологиясы саласындағы жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды, сондай-ақ білім беру жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушы кадрларды: ғылыми қызметкерді, жоғары оқу орнының оқытушысын, инновациялық даму жөніндегі басшыны, газет, журналдың бас редакторын даярлау.
1. Бірегей және дұрыс нәтижені қамтамасыз ететін қазіргі заманғы ғылыми парадигмалар мен зерттеу технологиялары мен әдістемелері шеңберінде орыс филологиясы саласындағы ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жүргізу.
2. Зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландыра отырып, орыс филологиясы саласындағы, оның ішінде пәнаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жобаларды орындауға және/немесе қатысуға.
3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына және Thomson-Reuters, Scopus халықаралық дерекқорына кіретін журналдардың талаптарына сәйкес келетін ғылыми құжаттарды, ғылыми мақалаларды баспаға дайындауды жүзеге асыру.
4. Жоғары оқу орнында филологиялық пәндер бойынша оқу сабақтарын студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып өткізеді.
5. Білім, ғылым және инновацияларды интеграциялау негізінде филологиялық пәндер бойынша білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
6. Педагогикалық деонтология мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет принциптерін білуге сүйене отырып, білім алушы жастарды әлеуметтендіруді жүзеге асыру.
7. Ғылым, білім, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы инновациялық жобалардың инновациялық саясатын, стратегиясын, ұйымдық құрылымын қалыптастыру.
8. Түрлі жағдайлар мен әртүрлі көздерден алынған ақпаратты сыни талдау негізінде инновациялық, ғылыми және шығармашылық жобаларды басқару.
9. Мүдделерді келісу және мақсаттарға қол жеткізу мақсатында кәсіби қоғамдастықпен, стейкхолдерлермен дұрыс, толерантты және тиімді жазбаша және ауызша коммуникацияны жүзеге асыру.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылыми зерттеу әдістері — 3 ECTS
- ХХ ғасырдың екінші жартысындағы – XXI ғасырдың басындағы орыс филологиясының ғылыми басымдылары — 5 ECTS
- Ғылыми мақала даярлау әдістемесі — 5 ECTS
- Лингвистикаға пәнаралық зерттеу — 5 ECTS
- Әдебиеттанудағы пәнаралық зерттеулер — 5 ECTS
- Ғылым мен білімдегі инновациялық менеджмент — 5 ECTS
- Педагогикалық деонтология — 5 ECTS
- Тіл біліміндегі ғылыми-зерттеушілік жобалау — 5 ECTS
- Әдебиеттанудағы ғылыми-зерттеу жобалары — 5 ECTS
- Ақпараттық контент менеджменті — 5 ECTS
- ЖОО-да оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 3 ECTS
- Академиялық хат — 3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық практика — 10 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 11 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 8 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 14 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 4 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 15 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Ғылыми тағылымдама — 10 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 2 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 10 ECTS
- Қорытынды аттестаттау — 12 ECTS
Жұмысқа орналасу
«8D02308 – Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алған түлек кәсіби қызметтің келесі салаларында жұмыс істей алады: ҒЗИ аға ғылыми қызметкері; ғылыми қызметкер; жоғарғы білім беру жүйесінде, жоғарғы оқу орнында оқытушы; жалпы орта, орта арнайы, жоғары білім беру саласындағы маман; білім беру қызметтері бойынша кеңесші.
«8D02308 – Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасының түлектерін болашақта жұмысқа орналастыра алатын негізгі жұмыс берушілер:
- ғылыми-зерттеу институттары;
- ғылым және ғылыми қызмет көрсету саласындағы ұйымдар;
- жоғары оқу орындары;
- халықтық білім беру саласының ұйымдары;
- мемлекеттік мекемелер, әкімдіктер, министрліктер;
- мәдениет және өнер саласының ұйымдары;
- басқару саласы.
«8D02308 – Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша түлектерінің жұмысқа орналасу талдауы 2022 жылы 100% құрады.
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 3-4, 3-5
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1331, 1365)