КАМПУС
Университет қалашығына қош келдіңіздер!
«КАЗГУГРАД» КАМПУСЫНДА ТҰРУ
Университет қалашығына қош келдіңіздер!
|
Университеттің жаратылыстану ғылымдар факультеттері, бассейн, жаңа ғылыми кітапхана құрылысы шарықтау шегіне жетуде. ҚазҰУ территориясы нағыз университет кампусы – қала ішіндегі қалаға айналды. ҚазҰУ мұражайы, тәулік бойы жұмыс жасайтын 300 орындық жастар Интернет-орталығы құрылыстары аяқталып, қолданысқа берілді. |
Қала ішіндегі қалашық
|
Қазақ ұлттық университеті – бұл 14 факультеттен, колледж, біліктілікті жетілдіру институты, 20 ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар, технопарктен тұратын қалашық. Университетте Қазақстан-Үндістан ақпараттық технология орталығы, Қытай тілі орталығы, Еуропалық құжаттар орталығы, НАТО орталығы, Америкалық орталық, қолданбалы лингвистика мен мәдениаралық байланыс орталығы орналасқан. |
Әл-Фараби атындағы университетте
|
Университет қалашығы территориясында толыққанды білім алуға арналған барлық жағдай жасалған: жаттығу залы, спорт алаңы мен секциялары бар таңғажайып спорт комплексі, медициналық пункт. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Республика бойынша ең жоғарғы студенттік спорт базасымен қамтылған: 5 мың көрерменге арналған трибуналы алаң, екі футбол алаңы, жаздық ойындар алаңы, теннис корттары, спорттық ойындар залы мен күреске, боксқа, ритмикалы және атлетикалы гимнастикаға, үстел теннисіне, бадминтон және мини футболға арналған залдар бар. |
Кітапхана, оқу залдарының жүйесі
|
Жыл сайын 40-45 мың дана көлеміндегі жаңа басылымдармен толықтырылып отыратын кітапхананың 2 миллионға жуық қоры бар. Кітапханадағы оқырмандар саны 20 мың адам, бұл тек қана студенттер емес, сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер құрамы. Кітапханада 1992 жылдан бері жұмыс атқаратын және ғаламторда орнатылған электронды каталог, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің мәтіндік ақпарат мәліметтерінің екі базасы, «Қазақстан тарихы» картотекасы, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми еңбектерінің автоматтандырылған библиографиялық картотекасы университет жүйесіне енгізілген. «Оқу жүйесінің кітаппен қамтылуы» атты электронды картотека бар. 300 орынды жастар Ғаламтор орталығы қазіргі таңдағы ғаламтор қызметтерімен қамтамасыз етіліп, таңертеңнен кеш батқанша жұмыс жасайды, сонымен қатар ҚазҰУ қалашығының барлық территориясында сымсыз жүйе WI-FI жұмыс атқарады. |
Студенттер сарайы
|
Жастардың еркіндігі мен шығармашылық қабілеттілігінің потенциалын ашатын республикадағы бірден-бір Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. Онда жастар қазақтың халық аспаптары оркестрінде музыкамен шұғылданады, сондай-ақ, «Біз» студенттер театрында, көркем өнерпаздар үйірмесінде таланттарын шыңдайды. Халықаралық күлкі күнінде студенттер сарайында жыл сайын КТК фестивальі өткізіліп тұрады. Көпшілік көңілінен шыққан бұл конкурста КТК мен колледждің ең жақсы командалары өнер көрсетеді. Клуб студенттердің тілдік дайындығын қамтамасыз ететін қытай, француз, неміс, ағылшын, испан тілдерінде жұмыс жасайды. |
Орналастыру
|
Өзге қалалардан келген студенттерге жатақханалар (студенттер үйі) беріледі. ҚазҰУ да 14 жатақхана бар және әрқайсысы жоғарғы деңгейдегі жайлылықпен, қауіпсіздікпен, басқа да барлық жағдайлармен (душ, ас үй, демалыс бөлмесі, спорт зал, Интернет орындары, телефон байланысы) қамтамасыз етілген. «КазГУград» территориясында ыстық тамақпен тамақтандыратын орындар 8.00 ден 22.00-ге дейін жұмыс жасайды. КазГУградта орналасқан ҚазҰУ кинотеатрында әр апта сайын жаңа кинокөрсетілімдер мен әлемдік премьералар көрсетіліп отырады. |
Ыстық көлге қош келдіңіздер!
|
Ал Ыстық-Көл жағалауындағы университетіміздің спорттық-сауықтыру көпқабатты пансионатында жыл сайын студенттер мен оқытушылар денсаулықтарын жақсартып, демалып отырады. |
Байланыс
Студенттер қалашығы директоры Сейтжанов Абдықахар Ануарұлы 8-701-715-75-74:
Студенттер қалашығы директорының орынбасары Қалшаев Есенғали Тұрлыбекович 8-777-705-00-03.