Біз туралы
Департамент өз қызметін Университет Жарғысына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Департамент біліктілігі жоғары персоналды белсенді іздестіруді жүзеге асырады (оның ішінде шетелдік мамандарды шетелдік жұмыс тәжірибесі бар мамандардан, "Болашақ"бағдарламасының түлектерінен). Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес береді және кандидаттарды ішкі тәртіп пен лауазымдық нұсқаулықтармен таныстырады. Біліктілік талаптарына сәйкес профессор-оқытушылар құрамының штатын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес талап етілетін кәсіптерді, мамандықтар мен біліктіліктерді кадрлармен жасақтауды қалыптастырады. Университет қызметкерлерін аттестаттауды, аттестаттау нәтижелерін талдауды жүргізеді. Талаптарға сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ПОҚ және ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізеді.
Департамент кадрлық жұмыс басқармасынан тұрады.
Кадрлық жұмыс басқармасы келесі міндеттерді қамтиды:
- қызметкерлерді іздеу және іріктеу критерийлерін анықтайды;
- ұйымның мақсаттары мен стратегиясына, кадр саясатына сәйкес ұйым қызметкерлерінің кәсіби білімінің, іскерлігі мен дағдыларының деңгейін арттыруға қатысады;
- қызметкерлерді аттестаттауды өткізуді, оны әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, аттестаттау нәтижелерін талдауға, аттестаттау комиссияларының шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, қайта тексеруге жататын мамандар тобын айқындайды;
- кадрлардың ауысу себептерін зерттейді, оны төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
- ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын бақылайды;
- ұйымның және оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін бастапқы есепке алу құжаттамасының біріздендірілген нысандарына сәйкес жүргізеді.
- еңбек заңнамасына, құқықтық ережелер мен бұйрықтарға сәйкес қызметкерлерді уақтылы қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды, сондай-ақ кадрлар бойынша басқа да белгіленген құжаттаманы ұйымдастырады;
- қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізу;
- біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссиялар үшін қажетті материалдарды дайындау;
- еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау;
- еңбек өтілін есептеу, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру;
- қызметкерлерге демалыс беруді есепке алу, демалыс кестелерінің жасалуын және сақталуын бақылау;
- ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыруға дайындау.
Университеттің штаттық кестесінде көрсетілген декан, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор, профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор (доцент), доцент-зерттеуші, аға оқытушы және оқытушы лауазымдарына конкурс негізінде қабылданады.