Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2018 жылдың 15 қаңтарында Ақпараттық технологиялар факультеті ашылды. Бұл – уақыт талабы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру және заманауи технологияларды дамыту бағытындағы бастамалары аясында елімізде ақпараттық технологиялар саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстанды цифрландыру, ақпараттық технологиялар саласында білім алатын, жасанды интеллектпен және «үлкен мәліметтермен» (Big Data) жұмыс істей алатын білікті жастар мен мамандардың қатарын көбейту. Бағдарламаның басты бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды өмірдің барлық салаларында кеңінен қолдану және дамыту.
Осы саладағы жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында факультетте «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасы ашылды. Факультеттің негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың IT-секторын динамикалық тұрғыда дамытып, оны әлемдік деңгейге жеткізе алатын жоғары білікті мамандар даярлау.
2025 жылдан бастап Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті болып өзгертілді. Бұл өзгеріс факультеттің білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарын кеңейтуге, жасанды интеллект, деректерді талдау және заманауи цифрлық технологиялар саласында жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған.
Факультет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2018 жылдың 15 қаңтарында Ақпараттық технологиялар факультеті ашылды. Бұл – уақыт талабы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру және заманауи технологияларды дамыту бағытындағы бастамалары аясында елімізде ақпараттық технологиялар саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстанды цифрландыру, ақпараттық технологиялар саласында білім алатын, жасанды интеллектпен және «үлкен мәліметтермен» (Big Data) жұмыс істей алатын білікті жастар мен мамандардың қатарын көбейту. Бағдарламаның басты бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды өмірдің барлық салаларында кеңінен қолдану және дамыту.
Осы саладағы жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында факультетте «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасы ашылды. Факультеттің негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың IT-секторын динамикалық тұрғыда дамытып, оны әлемдік деңгейге жеткізе алатын жоғары білікті мамандар даярлау.
2025 жылдан бастап Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті болып өзгертілді. Бұл өзгеріс факультеттің білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарын кеңейтуге, жасанды интеллект, деректерді талдау және заманауи цифрлық технологиялар саласында жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған.
Бакалавриат
6В06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты – түрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді, соның ішінде зияткерлік жүйелер мен машиналық оқытуға негізделген шешімдерді әзірлеу, ендіру және сүйемелдеуді жүзеге асыра алатын, жоғары кәсіби және этикалық стандарттарды сақтайтын білікті мамандарды даярлау.
Программалық қамтаманы, компьютерлік жүйелер мен желілерді және IoT технологияларын жобалау мен әзірлеудің заманауи технологиялары саласында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды даярлау болып табылады.
"6B06104 - Компьютерлік ғылымдар" білім беру бағдарламасының мақсаты программалық қамтамасыз етуді жобалау және құрудың қазіргі заманғы технологиялары саласында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету, компьютерлік жүйелерді қолданудың жаңа тәсілдерін құру, есептеу есептерін шешудің тиімді тәсілдерін құру болып табылады.
«6В06106 – Жасанды интеллекті бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты – деректерді конвейерлік өңдеу құралдарының көмегімен және Akka технологиясының негізінде әртүрлі домендер арасындағы есептеу процестерін параллельдеу арқылы үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге арналған жасанды интеллектісі бар жоғары жүктелген жүйелерді жобалауға және құруға қабілетті, қоғамдағы мінез-құлықтың жоғары этикалық стандарттарын ұстанатын, өмір бойы білім деңгейін көтеруге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау.
Бакалавриаттың "Деректер туралы ғылым" білім беру бағдарламасының мақсаты үлкен деректерді талдау, статистика және машиналық оқыту саласында терең білімі мен дағдылары бар, деректерге негізделген шешімдер қабылдау үшін заманауи жасанды интеллект құралдары мен технологияларын қолдануға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты студенттерге информатика мен инженерияның іргелі және қолданбалы аспектілерін жүйелі және терең игеруді қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарлама студенттердің биоинформатика, бизнес, физика, энергетика және химия контекстіндегі күрделі мәселелерді сәтті шешуге қажетті құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты студенттердің деректерді талдау, күрделі жүйелерді модельдеу, процестерді оңтайландыру және жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеу үшін есептеу әдістері мен құралдарын тиімді қолдана білуін қалыптастыру болып табылады, бұл тиісті білім салаларының инновациялық дамуына және алынған дағдыларды практикалық қолдануға ықпал етеді.
«Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының мақсаты – заманауи жасанды интеллект әдістері мен технологиялары негізінде деректерді талдау, модель құру, шешім қабылдау, бағдарламалау және интеллектуалды жүйелерді әзірлеу бойынша терең теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие, жоғары білікті, жауапты және креативті мамандарды даярлау. Бағдарлама түлектері пәнаралық және мәдениетаралық ортада тиімді жұмыс істей алатын, сенімді, интерпретацияланатын және этикалық ЖИ шешімдерді әзірлей алатын мамандар ретінде қалыптасады.
Цифрлық экономиканың, ғылым мен технологияның даму талаптарына сәйкес келетін, заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді. жобалау, әзірлеу, тестілеу және сүйемелдеу салаларында терең теориялық білім мен практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
«6B06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі, компьютерлік және желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіздікті басқару, ақпараттық жүйелердегі деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы озық білімдерін көрсетуге қабілетті ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
Криптографиялық әдістерді пайдалана отырып, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін әзірлеу, пайдалану және жетілдіру үшін қажетті криптография және криптоталдаудың арнайы білім мен дағдылардың жеткілікті жиынтығы бар криптология саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
«6B07113 - Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы интеллектуалды IoT құрылғыларын жобалау, енгізу және пайдалану, IoT құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және қызмет көрсету, өнеркәсіпте, шағын және орта өнеркәсіпте қолданыстағы автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару және интеллектуалдау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау болып табылады.
Магистратура
Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру жүйесінде информатика және информатиканы оқыту әдістемесі саласы бойынша, жаңа теориялық заманауи білімді игеріп, жалпылауға құлықты, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде оқыту мен білім беруді басқаруда оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ете алатын, бәсекеге қабылетті мамандарды сапалы дайындау.
«7M06101 – Есептеуіш лингвистика» білім беру бағдарламасының мақсаты интеллектуалды ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Бағдарлама келтірілген нұсқауға қабілетті маманды кәсіби тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған: есептеуіш лингвистика саласындағы теориялар мен технологиялар бойынша терең зерттеу білімін интерпретациялау және қолдану; әртүрлі цифрлық тілдік ресурстарды құру және өңдеу; машиналық аударма, сөйлеуді тану, деректерді интеллектуалды талдау, машиналық оқыту және т.б. сияқты жасанды интеллекттің әртүрлі қолданбалы технологияларын әзірлеу және қолдану.
"7М06102 – Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасының мақсаты ақпараттық жүйелердің әр түрлі класын құру, енгізу және сүйемелдеу бойынша ақпараттық жүйелер саласында білім мен құзыреттілікке ие жоғары білікті мамандарды даярлау, отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды қалыптастыру болып табылады,
«7M06103 Компьютерлік инжененрия» білім беру бағдарламасының мақсаты – магистранттарға жан-жақты жоғары сапалы білім беру және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компьютерлік техника саласында білікті мамандарды қалыптастыру; магистранттарды ғылым, менеджмент, оқыту және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді әзірлеу салаларында соңғы ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті маман ретінде дайындау.
«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының мақсаты – ғылыми, білім беру және өндірістік салалар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы соңғы теориялар бойынша терең заманауи білімдерді түсіндіру және жалпылай алатын, есептегіш тапсырмаларын шешу үшін тиімді әдістерді әзірлей алатын мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
"7М06113 – IT-менеджмент" білім беру бағдарламасының мақсаты компанияның цифрлық ресурстары мен ақпараттық инфрақұрылымын басқаруға, кәсіпорын қызметінің әртүрлі салаларына IT-стратегияларды енгізуді қамтамасыз етуге және тұрақты бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу үшін бизнес-процестерді цифрлық трансформациялауды іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Зерттелетін пәндік аймақ туралы түсіне алады, заңдылықтарды анықтай алады және деректерді талдау негізінде шешім қабылдауды қолдау үшін әртүрлі көздерден деректерді жинай алады, алдын ала өңдей алады, визуализациялау әдістерін қолдана алады
«7М06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары - ақпараттық қауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандар даярлау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша өндірісте жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен құзыреттілігі бар, отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандардың кадрлық әлеуетін олардың сұраныстары және ел мен өңірдің даму болашағына сәйкес қалыптастыру болып табылады.
"7М06302–Ақпараттық қауіпсіздік аудиті" білім беру бағдарламасының мақсаты ақпараттық қауіпсіздік саласында білімі мен құзыреті бар, қауіпсіздік аудитін жүргізу үшін: объективті дәлелдемелер алу және АЖ ресурстарына қатысты қауіпсіздік қатерлерін жүзеге асыру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдерді талдау бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады; АЖ қорғалуының ағымдағы деңгейіне бағалау жүргізу және АЖ қорғау жүйесіндегі осал жерлерін оқшаулау, сондай-ақ АЖ-ның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкестігін бағалау, АЖ қауіпсіздігінің жаңа тетіктерін енгізу және қолданыстағы тетіктерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің криптографиялық әдістері саласында іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар, сондай-ақ криптология саласында инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға дайын техника ғылымдарының магистрлерін даярлау.
«Бизнес аналитика және Big Data» білім беру бағдарламасының мақсаты бизнес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін деректерді шығару, түрлендіру және жүктеу, болжамды талдау және деректерге негізделген шешімдер қабылдау саласында үлкен деректер жиынтығы басқаруға техникалық, аналитикалық және коммуникациялық дағдылары бар жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
«7M07128-Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты үлкен деректерді талдау және бұлттық технология әдістерін қолдана отырып, әртүрлі IoT платформаларында тәуелсіз зерттеу жүргізуге қабілетті, «Индустрия 4.0» интеллектуалды басқару жүйелері мен шешімдерін іске асырумен байланысты ғылыми, білім беру және өндірістік салалардағы мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
Докторантура
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары деңгейде ғылыми және кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті заманауи аналитикалық және ақпараттық технологияларды иеленетін информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы жоғары білікті кадрларды дайындау.
«8D06101- Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты - қолданбалы, эксперименталды зерттеулерді, жетекші ғылыми жобаларды, конструкторлық бюроларды, ғылыми-зерттеу бөлімдерін, білім беру қызметін жүзеге асыруға, ғылыми жетістіктерді ұсынуға қабілетті ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрларды даярлау.
Компьютерлік инженерия саласында білікті мамандарды қалыптастыру, таратылған интеллектуалды жүйелер, озық параллель бағдарламалау, машинамен оқыту, жасанды нейрондық желілер, ұялы және сымсыз байланыс, компьютерлік коммуникация желілері, озық криптография, компьютерлік желілердің қауіпсіздігі, FPGA жобалау салаларында докторанттарды даярлау. Алынған білім мен дағдылар негізінде олар бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістерін, ғылым, басқару, өнеркәсіп және оқыту салаларында бағдарламалық кешендерді жобалау әдістерін қолдану және жетілдіру үшін теориялық және практикалық тұжырымдамаларды пайдалануға қабілетті болады.
«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми-зерттеу саласы үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде осы білімді одан әрі қолдану мақсатында компьютерлік ғылымның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру; есептеу технологиялары саласындағы білім шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосу; компьютерлік ғылымдардың перспективалы жаңа бағыттарын дамытуға арналған проекциямен әдіснаманы таңдау, материалды зерттеу объектісіне барабар негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру; идеяларды генерациялау, инновациялық қызметтің нәтижелерін болжау, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқару; қандай да бір өнімнің өзінің және басқа ғылыми қызметінің маңыздылығын анықтау және баға беру, ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін дәлелді түрде ұсыну және қорғау.
«Жүйелік инженерия» білім беру бағдарламасының мақсаты пәнаралық мәселелерді шешу үшін заманауи жүйелік инженерия принциптерін қолдана алатын жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау. Бағдарлама ауқымды инженерлік жүйелерді жобалауға, күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдауға және синтездеуге, оқу үдерістерін тиімді басқаруға, инновациялық қызметті жүзеге асыруға, жаңа ғылыми білімді құруға және оны ұлттық және халықаралық деңгейде тиімді ұсынуға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған.
"Деректер туралы ғылым" докторантура білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, әртүрлі пәнаралық салаларда инновациялық зерттеулер жүргізуге қабілетті ғылыми мекемелер мен индустрия үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, құнды ақпарат алу және олардың негізінде шешім қабылдауды қолдау үшін үлкен деректерді тиімді өңдеу және талдау болып табылады.
«Медицина саласындағы жасанды интеллект» бағдарламасының мақсаты медициналық мәселелерді шешу, пәнаралық зерттеулер жүргізу және медицина мен денсаулық сақтауда инновациялық цифрлық шешімдерді енгізу үшін жасанды интеллект технологияларын қолдануға қабілетті жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.
«8D06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім беру бағдарлама-сының мақсаттары - ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саласындағы қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті, кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейіне ие ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
"8D06303 – Криптология" білім беру бағдарламасының мақсаты отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми, практикалық мәселелерін анықтауға, шешуге қабілетті, криптология және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ие бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды даярлау.
«Автоматтандыру және Internet of Things» білім беру бағдарламасының мақсаты – IoT технологиялары мен жасанды интеллект әдістеріне негізделген күрделі технологиялық процестерді автоматты басқару жүйелері мен құралдарын жобалау және әзірлеуге байланысты ғылыми-өндірістік құрылымдар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу саласы үшін біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
«Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесіне, ғылыми-зерттеу саласына, инновациялармен байланысты ғылыми және өндірістік құрылымдарға, автоматтандыру және басқару саласындағы заманауи жетістіктерді енгізе алатын, зияткерлік басқару жүйелерінің перспективалық бағыттарын дамыту туралы жобамен тәуелсіз зерттеу жүргізе алатын, инновациялық қызметтің нәтижелерін болжап, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқаруға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету .
«8D07119- Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесіне, ғылыми-зерттеу саласына, инновациялармен байланысты ғылыми және өндірістік құрылымдарға, автоматтандыру және басқару саласындағы заманауи жетістіктерді енгізе алатын, зияткерлік басқару жүйелерінің перспективалық бағыттарын дамыту туралы жобамен тәуелсіз зерттеу жүргізе алатын, инновациялық қызметтің нәтижелерін болжап, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқаруға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету .
Білім беру бағдарламалары
Халықаралық ынтымақтастық
asda
2828282