- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ №12: «Уақытты басқару және өнімділікті арттыру» тақырыбында танымдық сағат өтті
ТДМ №12: «Уақытты басқару және өнімділікті арттыру» тақырыбында танымдық сағат өтті
Оқу ордамызда студенттер үшін маңызды әрі пайдалы іс-шара – «Уақытты басқару және өнімділікті арттыру» тақырыбындағы кураторлық-эдвайзерлік сағат өткізілді.
Іс-шараны Филология факультетінің аға оқытушысы Дайрабекова Гүлсима Курбанбекқызы, Шығыстану факультетінің аға оқытушысы, куратор-эдвайзер А.Ж. Боранбаева ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің уақытты тиімді пайдалану, өз ісін жоспарлау және жеке өнімділікті арттыру қабілеттерін дамыту болды.
Кураторлық сағаттың басты мақсаты – студенттерге уақытты тиімді жоспарлаудың маңызын түсіндіру, жеке өнімділікті арттырудың тиімді әдістерін көрсету, сонымен қатар өз уақытына жауапкершілікпен қарау және өзін-өзі басқару мәдениетін қалыптастыру болды.
Кураторлық сағат барысында қатысушылар тайм-менеджменттің негізгі қағидаларымен, мақсат қою және басымдықтарды айқындау тәсілдерімен, сондай-ақ уақытты ұтымды пайдалануға арналған заманауи құралдар мен әдістермен танысты. Аға оқытушы Гүлсима Курбанбекқызы студенттерге уақытты тиімді жоспарлаудың кәсіби және жеке дамудағы рөлі туралы практикалық кеңестер берді.
Шара интерактивті форматта өтті: студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті оқу мен жеке өмірде кездесетін уақыт тапшылығы мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар түрлі өмірлік жағдайларда уақытты үнемдеудің тиімді жолдарын талқылап, бір-бірінен пайдалы кеңестер алды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, тақырыптың өзектілігін атап өтті. Шара студенттерге уақытты басқару дағдыларын жетілдіруге және өз өнімділіктерін арттыруға жаңа серпін берді.
Осындай тәрбиелік әрі мотивациялық бағыттағы кездесулер болашақ мамандардың тұлғалық және кәсіби дамуына, жауапкершілік пен өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар