- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ №4, 10, 16: Халықаралық студенттер күніне орай «Ғашықтар хикаясы» қойылымы көрсетілді
ТДМ №4, 10, 16: Халықаралық студенттер күніне орай «Ғашықтар хикаясы» қойылымы көрсетілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық студенттер күніне орай ҚазҰУ АРТ-орталығы жанындағы «Біз» студенттік театры көрермен назарына драматург Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» шығармасы негізінде дайындалған қойылымды ұсынды.
Қойылым – қазіргі қазақ драматургиясындағы ерекше туындылардың бірі. Ол жастар арасындағы махаббат пен өмірлік таңдау, адамгершілік пен ар алдындағы жауапкершілік тақырыптарын қозғайды. Жас кейіпкерлердің сезімдері, ішкі толғаныстары мен өмірге деген көзқарастары арқылы қоғамның құндылықтары мен ата-ана тәрбиесінің әсері шебер көрініс тапқан.
«Ғашықтар хикаясы» студенттік театрлар арасында жиі сахналанып жүрген қойылымдардың бірі. Себебі ол жастар үшін түсінікті әрі өзекті. Қойылым қарапайым оқиғадан басталып, үлкен драмалық жоспарда дамып, көрерменді терең ойға жетелейді.
Студенттік театр қойылымды минималистік сценографиямен көрсете отырып, актерлік ойынға, сезімге және мәтінге басымдық берді. Көрермендер қойылымның динамикасы мен шынайылығын жоғары бағалап, ерекше ықыласпен қабылдады.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және мәдени-рухани тәрбиесіне үлес қосу болды.








Басқа жаңалықтар