Ғылыми журналистика бойынша шеберлік сағаты өткізілді
ТДМ-4 Ғылымның дамуы адамзат өркениетінің өлшемі екені ешқандай дәлелді қажет етпейтін аксиома. Қазіргі кезең – жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Ғылым мен білім саласы жылдан жылға дамып, жаңа нәтижелерге, озық үлгілерге қол жетуде.
Ғылым сапасын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру жолындақаржыландыру үлесінің артқандығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қамқорлығы деп тану каерек. Жыл сайын елімізде ғалымдардың еңбегін қолдау, жас ғалымдардығылым саласына тарту мақсатында дарынды жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған жобаларға қаржы бөліп, конкурстар, форумдар ұйымдастырылуда.
Әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: ... Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», – деген болатын. Яғни, біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуына белсене кірісетін кезең. Осы орайда ғылымды дамытудағы журналистиканың рөлі жайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінде қауымдастырылған профессор Клара Қабылғазинаның ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өткізілді. Мақсат - қазақ ғылыми медиасы қызметін жақсарту, медиа коллоборациялардың маңызы, science reporter мамандығын қалыптастыру тәсілдері жөнінде шәкірттерге мағлұмат беру болатын. Дәріске қоғамдық саяси «Ақиқат» журналы редакторының орынбасары Дина Имамбай шақырылды. Қазақстан ғылымын насихаттаушы ретінде танылып жүрген журналист өз тәжірибесімен бөлісті.
Басқа жаңалықтар