Шетелдік магистранттар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттік заң клиникасының қызметімен таныстыFarabi University

Шетелдік магистранттар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттік заң клиникасының қызметімен танысты

6 қараша, 2025

       2025 жылғы 6 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Баку мемлекеттік университетінің магистранттарына арналған таныстыру кездесуі өтті.

       Іс-шараға заң факультетінің деканы, з.ғ.к., профессор Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы және кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Куаналиева Гульдана Амангельдіқызы қатысып, заң клиникасының жұмыс бағыттары, оның студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

       Кездесу барысында шетелдік магистранттар клиника базасында ұсынылатын құқықтық кеңес беру форматы, студенттердің нақты істермен жұмыс істеу мүмкіндіктері, сондай-ақ әртүрлі ұйымдармен ынтымақтастық шеңберіндегі бірлескен жобалары туралы ақпарат алды.