Құқықтық мәдениет пен волонтерлік – жауапты қоғам қалыптастырудың негізі
2 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Волонтерлік және заң мен тәртіп – қоғам дамуының негізі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шара Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Амангелдіқызы Қуаналиеваның жетекшілігімен, кафедра жанындағы студенттік заң клиникасы өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылығын кеңейту, волонтерлік қызметтің маңыздылығын түсіндіру, жастардың қоғамдық белсенділігін дамыту және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту болды.
Іс-шараға құқық қорғау, адвокатура, психология және волонтерлік қызмет салаларында тәжірибесі бар арнайы келесі шақырылған сарапшылар қатысып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті:
Ракишева Ляззат Бекмұханбетовна – заңгер, құқық қорғаушы, «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының президенті:
Елдесбаева Райхан Сериковна – Алматы қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты;
Хабаева Женисгуль Жапархановна – психолог, республикалық тренер-психолог;
Қамбарбаев Серік – «Асар Үме» қоры жобасының амбассадоры, сыртқы коммуникациялар жөніндегі жетекшісі;
Біркіленов Нұрсұлтан – «Асар Үме» қорының өркендеу және волонтерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі.
Кездесу барысында қатысушылар волонтерлік қозғалысты дамыту, қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және әлеуметтік жобаларды ақпараттық сүйемелдеу бағыттарында өз тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, құқықтық білім мен волонтерлік қызметтің өзара байланысына ерекше назар аударылды. Қоғамға қызмет ету азаматтардың құқықтарын құрметтеу, заң талаптарын сақтау, өзара көмек пен қайырымдылық мәдениетін дамыту, қоғамдық игілікке үлес қосу сияқты құндылықтарды қамтитыны атап өтілді.
Сарапшылар, құқықтық сауаттылық, адам құқықтарын қорғау, еріктілік қызметтің әлеуметтік маңызы, жастардың азаматтық белсенділігі және қоғамдағы өзара жауапкершілік мәселелері бойынша студенттерге жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара барысында студенттер сарапшыларға сұрақтар қойып, кәсіби мамандармен ашық пікір алмасты. Бұл болашақ заңгерлерге теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби қызметтің түрлі бағыттарымен танысуға және волонтерлік бастамаларға қатысудың мүмкіндіктерін зерделеуге жағдай жасады.
Осындай кездесулер жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, құқықтық мәдениеті мен кәсіби дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар болашақ мамандардың бойында адамгершілік, әділеттілік, жанашырлық қасиеттерін дамытып, қоғам игілігі жолында белсенді қызмет етуге ынталандырады.