Республика күніне орай студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара өтті — ҚазҰУ

Республика күніне орай студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара өтті

23 қазан 2026
Республика күніне орай студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара өтті

  23 қазан күні ал-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевнаның жетекшілігімен кафедра жанындағы студенттік заң клиникасынын өкілдері Республика күніне орай халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыс шеңберінде мерекелік іс-шара өткізді.

  Іс-шара барысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 16-мақсаты - «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағытын іске асыру мақсатында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бірінші курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері бойынша құқықтық түсіндіру жүргізіп, студенттерге заң клиникасының  кызметімен таныстырды.

  Іс-шараға қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты ғылыми зерттеулер орталығының бастығы, философия докторы (PhD) Сәулен Нұржан қатысып,  өз тарапынан студенттерге халыкка құқықтық кеңес берудін қажеттілігі мен маныздылыгына тоқталып өтті.