Студенттік заң клиникаларының ынтымақтастығына жаңа қадам
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан шақырылған қонақ ретінде студенттік заң клиникасының өкілі, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Данияр Саттарұлы Абдрахманов «Тұран» университеті Құқық жоғары мектебінде 27 қазанда өткен Turan Consulting заң клиникасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Рәсімде Данияр Абдрахманов «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанұлы Алшановпен бірге лентаны қиды.
Ашылудан кейін заң клиникалары арасында тәжірибе алмасу өтті. Данияр Абдрахманов студенттермен кездесіп, ҚазҰУ жанындағы студенттік заң клиникасының жұмыс тәртібі мен жинақталған тәжірибесін таныстырды. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақ қойды және біздің клиникамен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.