ҚазҰУ студенттік заң клиникасы цифрлық қауіпсіздікке арналған семинар өткіздіFarabi University

ҚазҰУ студенттік заң клиникасы цифрлық қауіпсіздікке арналған семинар өткізді

15 қараша, 2025

      2025 жылғы 15 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттік заң клиникасы цифрлық қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау тақырыбы бойынша семинар ұйымдастырды.

     Шараның мақсаты – жастардың цифрлық құқықтық сауаттылығын арттыру және онлайн кеңістікте қауіпсіз жұмыс істеуге үйрету болды.

     Семинар барысында қатысушылар интернеттегі алаяқтық түрлері, фишинг хаттары, жалған сайттарды анықтау жолдары, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сондай-ақ тыңдаушыларға жеке деректерді қорғау нормалары, онлайн келісімдер мен цифрлық құқықтарды сақтау механизмдері түсіндірілді.