«ZhasTour» командасы халықаралық олимпиядада өнер көрсетудеFarabi University

«ZhasTour» командасы халықаралық олимпиядада өнер көрсетуде

20 қараша, 2025

2025 жылдың 19-22 қарашасы арасында Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен VIII Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша «Туризм» мамандығының студенттері арасында халықаралық олимпияда өтуде.

Бұл олимпиядағы География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының «ZhasTour» командасы қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Әзірше, олимпияданың алғашқы 3 кезеңі – «Біздің университет – мүмкіндіктер ортасы» тақырыбында бейнетүсірілім, балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша жобалық тапсырма қорғау және спорттық бағадарлау бойынша біліктілікті тексеру өтті.

Келесі күндерге белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы  бойынша студенттердің   туристік көпсайыстағы дағдыларын тексеретін, «жұптық» және «топтық» форматында өтетін сайыстар күтуде.

«ZhasTour» командасына сәттілік тілейміз!