Қараша айының 24 жұлдызында сағат 16.00-де Геодезия және картография мамандығының 1 курс студенттерімен куратор Тумажанова Салтанат “Діннің қоғамдағы орны” атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.
Қоғамның рухани мәдениетін қалыптастыруда дін ерекше орын алады. Адамзат тарихында дін адамдардың дүниетанымын, мінез-құлық қағидаларын, құндылықтар жүйесін анықтаған маңызды әлеуметтік институттардың бірі болды.
Дін адамның ішкі жан дүниесін, имандылықты, ізгілік пен мейірімділік сияқты құндылықтарды дәріптейді. Әрбір дінде адамға адалдық, әділдік, кешірімшілдік, мейірімділік секілді қасиеттерді сақтау міндеттеледі. Сондықтан дін қоғамда моральдық нормалардың қалыптасуына ықпал етеді.
Дін адамға өмірдің мәнін түсінуге, қиындықтарды еңсеруге, рухани тірек табуға көмектеседі. Көптеген адамдар үшін дін – рухани арқау, жақсылық пен жамандықты айырудың өлшемі.
Сонымен қатар дін:
- жауапкершілік сезімін күшейтеді;
- өзі дамытуға ынталандырады;
- қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты сақтауға ықпал етеді.
Дін – қоғамдағы тәрбие мен рухани құндылықтардың негізі. Ол адамды ізгілікке, татулыққа, адамгершілікке шақырады. Түрлі дін өкілдерімен сыйластықта өмір сүру – қазіргі қоғамның басты талабы. Жастардың діни сауаттылығы мен мәдениеттілігі – тұрақты қоғамның кепілі. Қазіргі жастарымыздың адаспай, дұрыс жолда жүрулеріне осындай тәрбие сағаттардың септігі тиетініне сеніміміз мол!
Басқа жаңалықтар