- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультеті Қытай ғылым академиясының Экология және география институтымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
География және табиғатты пайдалану факультеті Қытай ғылым академиясының Экология және география институтымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің ғалымдары 2025 жылғы 15-21 қараша аралығында Қытай ғылым академиясының Экология және география институтына (Үрімші қ., ШҰАА, ҚХР) ғылыми сапарды табысты аяқтады. Сапар қабылдаушы тараптың ресми шақыруы негізінде ұйымдастырылып, климатология, гидрология және аридті аймақтар экологиясы салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталды.

Сапар барысында институттың зерттеу бөлімшелерімен кездесулер өткізіліп, келесі бағыттар талқыланды:
- климаттың өзгеруі мен су ресурстары бойынша бірлескен зерттеулердің перспективалары;
- шөлейтті және аридті экожүйелердің орнықтылығын бағалау әдістері;
- қашықтан зондтау мәліметтерін өңдеудің заманауи тәсілдері және ГАЖ-технологияларды экологиялық мониторингке интеграциялау;
- халықаралық ғылыми жобаларды іске асыру және зерттеу тәжірибесімен алмасу мүмкіндіктері.

Сонымен қатар, тараптар бірлескен гранттық бастамалар, ғылыми тағылымдамалар, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және ғылыми қарым-қатынастарды кеңейту мәселелерін талқылады. Ерекше назар ТДМ 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» мақсатымен үйлесетін ынтымақтастық бағыттарын дамытуға аударылды, бұл елдер арасындағы институционалдық және ғылыми байланыстарды нығайтуды көздейді.

Сапар табиғи ресурстарды басқару, климаттық процестерді бақылау және экологиялық қауіп-қатерлерді төмендетуге арналған инновациялық тәсілдерді әзірлеу салаларында ұзақмерзімді серіктестікке негіз қалады. Тараптар бірлескен зерттеулерді жалғастыруға, ғылыми жарияланымдар дайындауға, сондай-ақ білім беру және зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруға мүдделілік білдірді.
География және табиғатты пайдалану факультеті Қытай ғылым академиясының Экология және география институтына тиімді ынтымақтастық пен халықаралық ғылыми серіктестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Басқа жаңалықтар