Рига технологиялық университетінің делегациясы География және табиғатты пайдалану факультетіне іссапармен келдіFarabi University

Рига технологиялық университетінің делегациясы География және табиғатты пайдалану факультетіне іссапармен келді

26 қараша, 2025

24–26 қараша аралығында Рига технологиялық университетінің профессоры Павел Юрас жетекшілік еткен делегация Рекреациялық география және туризм кафедрасына ресми сапар жасады. Сапар барысында университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен мақалалар дайындау, ғылыми жобаларға қатысу және академиялық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

 

Іссапар бағдарламасы аясында профессор Ирина Воронова бакалавриаттың 3-курс студенттеріне туристік қызметті зерттеуде библиометриялық әдістерді қолдану жөнінде көшбасшылық дәріс оқыды. Студенттер ғылыми деректерді талдау, зерттеу бағыттарын анықтау, жарияланымдардың ғылыми ықпалын бағалау бойынша өзекті білім алды. Мұндай дәрістер Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР) қол жеткізу үшін аса маңызды, себебі сапалы зерттеулер мен ғылыми әлеуеттің артуы тұрақты туризмді дамытуға негіз болады.

 

 

Сапар барысында факультеттің ҒЗЖ және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Абдуллаева Әсел Сәбитқызымен мазмұнды кездесу өткізіліп, тараптар ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісіп, алдағы бірлескен жоспарларды айқындады.

 

 

Қонақтар университеттің даму деңгейін жоғары бағалап, заманауи инфрақұрылымын, кафедраның ғылыми белсенділігін және университеттің QS рейтингіндегі жоғары позициясын ерекше атап өтті. Бұл халықаралық рейтингтегі жетістіктер университеттің беделін халықаралық деңгейде арттыратынын жеткізді.

 

Аталған сапар халықаралық серіктестікті нығайтудың маңызды қадамы болды. Мұндай кездесулер ғылыми-инновациялық байланыстарды кеңейтіп, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер мен ынтымақтастық алаңын қалыптастырады.