Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шэньси провинциясының делегациясын қабылдап, университеттің ғылыми-зерттеу орталықтарын таныстырдыFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шэньси провинциясының делегациясын қабылдап, университеттің ғылыми-зерттеу орталықтарын таныстырды

29 қараша, 2025

2025 жылғы 26 қарашада Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Мандибаева Б.Ш. жетекшілік еткен Шэньси провинциясының ресми делегациясымен кездесу өтті. Ресми бөлімнен кейін, Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде, әсіресе ТДМ 4 «Сапалы білім беру», ТДМ 9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым», ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар», ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бағыттары бойынша делегация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келді. Университеттің халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды платформасы болып саналатын ғылыми орталықтары мен зертханаларына ерекше назар аударылды.

География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Алия Сагындыковна Актымбаева және технологияларды коммерцияландыру және креативтік индустриялар орталығының директоры Тахир Азатұлы ведомстволар, корпорациялар мен ұйымдар басшыларына университеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын таныстырды. Қонақтарға Тұрақты даму және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ғылыми орталығының зертханалары, Жерді қашықтықтан зондтау орталығы, эксперименттік және теориялық физика кешені, инновациялық материалдар әзірлеу платформалары және цифрлық технологиялар ғылыми кластерлерінің жұмысы көрсетілді.

Қытай тарабы университеттің ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу, экологиялық модельдеу, үлкен мәліметтерді өңдеу, ГАЖ технологиялары және Жерді қашықтықтан зондтау бағыттарындағы технологиялық базасына ерекше қызығушылық танытты. ТДМ 9 және ТДМ 17 мақсаттарын жүзеге асыру аясында бірлескен зерттеу бағдарламаларын құру, мамандармен алмасу, технологиялар трансфері және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру перспективалары талқыланды.

Делегация өкілдері университеттің зертханалық кешендерін, инновациялық орталықтарын және ғылыми кадрлық әлеуетін жоғары бағалап, бірлескен ғылыми жобаларды дамыту жаһандық тұрақты даму басымдықтарына сай келетінін және Алматы мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өзара әрекеттесу тетіктерін қалыптастыруды жалғастыруға, технология, ғылым және білім беру салаларындағы кооперацияны кеңейтуге, сондай-ақ өңірлердің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға және ТДМ басымдықтарына қол жеткізуге бағытталған ірі бірлескен жобаларды дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Қазақстан тарапы Шэньси провинциясының серіктестеріне тиімді диалог үшін алғыс білдіріп, болашақта өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.