Пәнаралық тәсіл арқылы студенттерге экологиялық білім беру: №13 ТДМ аясында биологиялық музейге экскурсияFarabi University

Пәнаралық тәсіл арқылы студенттерге экологиялық білім беру: №13 ТДМ аясында биологиялық музейге экскурсия

1 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 1 желтоқсан күні «Климаттың өзгерістерімен күрес» атты №13 Тұрақты даму мақсаттары аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Оспан А.О. жетекшілігімен «Биомедицина» мамандығының 1курс студенттері оқу орнының биология факультетіне қарасты мұражайында болып қайтты.

Биология факультеті музейі – бұл құнды және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардан құралған әлем, сондай-ақ ғаламшардың биоалуантүрлілігін сақтап қалудың маңыздылығын көрсететін материалдар базасынан құралған оқу ордасының бірегей ғылым және білім, табиғатты қорғауға арналған кеңістігі.

 Экскурсия барысында студенттер климаттың өзгерісімен байланыстырылған мәселелер мен заманауи сұраныстардың биологиялық айрықша формаларымен танысты.

Экскурсия студенттердің ойлау шеңберін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар биомедицинаның әлемдік экологиялық жағдаяттарды шешудегі атқаратын ерекше рөлін айқындап өтті және де экологиялық ойлаудың дамуына ықпал етті. Жастарды осы секілді пәнаралық байланыс пен тәжірибелерге бағыттау арқылы олардың бойында келешек ұрпақтың алдындағы жауапкершілікті сезінуімен қатар ғылымға деген қызығушылығын оятуға жәрдемдеседі.

Биологиялық музейге саяхат жасау гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары арасындағы байланыстың  нығайып және университеттің жан-жақты тұлғалық дамуға мүмкіндік туғызатындығының айқын дәлелі десек болады. 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Аузерхан Г.С., Оспан А.О.