ТДМ №4: «Сұңқар Кубогы» КВН ойындарының Маусымашар кезеңі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сұңқар Кубогы» КВН ойындарының Маусымашар кезеңі жоғары деңгейде өтті. Шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында шығармашылық қабілетті дамыту, командалық жүйені нығайту және жастардың мәдени белсенділігін арттыру болып табылады.
Игі дәстүрге айналған бұл сайысқа 8 команда қатысып, өздерінің тапқырлығы мен актерлік шеберлігін паш етті. Олар:
-
«Аристократ» – Заң факультеті
-
«AL-FA» – Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
-
«Тыныс белгі» – Филология факультеті
-
«Сократ» – Философия және саясаттану факультеті
-
«Қара бері» – Журналистика факультеті
-
«Сен сұлу» – Тарих факультеті
-
«AL-PHYS» – Физика-техникалық факультеті
-
«Сондай LIFE» – Еркін құрама
Ойынға төрелік еткен әділ-қазылар алқасы:
-
Әнуарова Ақбата Әділғазықызы – Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі
-
Азамат Қанатұлы – «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы
-
Ердос Оралбеков – «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ Алматы облыстық филиалының директоры
-
Абылай Қасымов – «Ұлттық құрама» мүшесі, 2014 жылғы Жоғары лига чемпионы, автор және сценарист
Сондай-ақ кештің құрметті қонақтары ретінде факультет декандары мен аға кураторлар қатысып, командаларға қолдау көрсетті.
Маусымашар кезеңі бір ғана «Сәлемдесу» сайысынан тұрды. Қатысушылар «Жасанды интеллект» тақырыбында әзіл-сықақ нөмірлерін ұсынып, көрермендер көңілінен шықты. Әр команда өзіне тән стиль мен ерекше креативті идеяларды көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін байқатты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Сұңқар Кубогы КВН ойындарының жартылай финалына 6 команда жолдама алды, ал тағы 2 команда қатысқаны үшін арнайы марапаттарға ие болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы барлық командаларды белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, алдағы кезеңдерде сәттілік тілейді. «Сұңқар Кубогы» КВН ойындары студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және университеттің мәдени өмірін жандандыруға зор үлес қоса береді.


Басқа жаңалықтар