ТДМ №3: «Декан Кубогы 2025» мини-футбол турнирі жоғары деңгейде өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультеті деканы Бейсен Нұрзада Әбдібекқызының қолдауымен және «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Декан Кубогы 2025» мини-футбол турнирі жоғары деңгейде өткізілді.
Турнирге факультеттің белсенді студенттік командалары қатысып, спорттық шеберліктерін, командалық рухтарын және тактикалық стратегиясын көрсетті. Ойындар қызықты әрі тартымды өтті, қатысушылар өзара әділ әрі достық бәсекеде өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
-
І орын – «Бригада» командасы (сыйақы: 20 000 теңге)
-
ІІ орын – «Барыс» командасы (сыйақы: 15 000 теңге)
-
ІІІ орын – «ASTRA» командасы (сыйақы: 10 000 теңге)
Іс-шара барысында командаларға деканның және ұйымдастырушылардың арнайы алғыс хаттары мен марапаттары табыс етілді. Турнирдің ұйымдастырылуы студенттердің спортқа қызығушылығын арттыруға, командалық және көшбасшылық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ университеттің мәдени және спорттық өмірін жандандыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар