- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ №4: «Сұңқар Кубогы–2025»: Биология және биотехнология факультетінде мини-футбол турнирі өтті
ТДМ №4: «Сұңқар Кубогы–2025»: Биология және биотехнология факультетінде мини-футбол турнирі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен «Сұңқар Кубогы–2025» мини-футбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл спорттық іс-шараның басты мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау және факультет ішіндегі командалық бірлікті арттыру болды.
Турнирге әр курс студенттері мен магистранттардан құралған командалар қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Қатысушылар алаңда жоғары дайындықтарын, шапшаңдықтарын және тактикалық үйлесімділіктерін байқатып, жанкүйерлерге керемет көңіл-күй сыйлады. Әр ойын әділ бәсекелестік рухында өтіп, студенттердің спортқа деген қызығушылығы мен белсенділігі айқын көрінді.
Жарыс нәтижесінде үздік командалар анықталды:
- І орын – «3 курс студенттері» командасы (сыйақы: 10 000 тг)
- ІІ орын – «4 курс студенттері» командасы (сыйақы: 10 000 тг)
- ІІІ орын – «Магистранттар» командасы (сыйақы: 10 000 тг)
Турнир соңында жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Іс-шара студенттер арасында спорттық белсенділікті арттырып қана қоймай, факультеттегі достық қарым-қатынас пен бірлік атмосферасын нығайтты.


Басқа жаңалықтар