ТДМ №4: «Farabi GreenCampus: таза университет» экологиялық жастар форумы өттіFarabi University

ТДМ №4: «Farabi GreenCampus: таза университет» экологиялық жастар форумы өтті

25 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Farabi GreenCampus: таза университет» экологиялық жастар форумы ұйымдастырылды. Шара университеттің бес факультетінің белсенді студенттерін экологиялық бастамаларды бірігіп дамытуға бағыттады.

Форумның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға университет аумағында «жасыл» идеяларды қолдауға және қоғамның экосана қалыптастырудағы белсенділігін күшейтуге бағытталды.

Форумның алғашқы күні факультеттердің өзінде іріктеу форматында өтті. Қатысушы студенттер өз жобаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік экологиялық бастамаларын таныстырды.

Іріктеу кезеңінде ұсынған жобасы үздік деп танылған авторлар форумның соңғы күнінде өз жобаларын көпшілікке таныстырып, баяндама жасады.

Соның нәтижесінде «Farabi GreenCampus: таза университет» экологиялық жастар форумына белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосқан үздік жобалар мен олардың авторлары анықталды:

География және табиғатты пайдалану факультеті: I орын – «EcoMap Campus» жобасы. Авторы – Ұлан Мұхтаров, 1-курс докторанты.

·  Химия және химиялық технология факультеті: I орын – «Қайта өңделген қағаз қалдықтарынан алынған КМЦ негізіндегі биологиялық ыдырайтын полимерлі үлдірлер» жобасы. Авторы – Ілияс Әмірәлі, 2-курс студенті.

·  Биология және биотехнология факультеті: I орын – «Аралау: тозаңдатушыларды қолдау және сақтау үшін кампусты экологиялық көгалдандыру» жобасы. Авторлары: Ислам Ғалымжанов, 3-курс докторанты, Сымбат Жанбасбаева, 3-курс студенті, Руслан Нұрханов, 2-курс магистранты.

·  Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті: I орын – «SmartEcoBox» жобасы. Авторы – Нұрдәулет Измайлов, 4-курс студенті.

·  Физика-техникалық факультеті: I орын – «Eco-Campus» жобасы, Авторы – Айболат Сембиев, 4-курс студенті.

Форум жеңімпаздарын Басқарма мүшесі – әлеуметтік даму жөніндегі проректор Бақытжан Омаров марапаттап, қаржылай сертификаттар табыстады.