ҚазҰУ-дың үздік рецензенті Elsevier марапатына ие болдыFarabi University

ҚазҰУ-дың үздік рецензенті Elsevier марапатына ие болды

5 желтоқсан, 2025

Scopus деректер базасында индекстелетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми журналдарының рецензенттері халықаралық Elsevier баспасының беделді марапатына ие болды.

          Әлемдегі жетекші ғылыми баспалардың бірі жыл сайын ғылыми журналдардың дамуына және сапасын арттыруға айрықша үлес қосқан үздік сарапшыларды марапаттайды. 2025 жылы Scopus базасына енген ҚазҰУ-дың екі журналы — «Physical Sciences and Technology» және «International Journal of Mathematics and Physics» — жоғары халықаралық бағасын алды. Осы журналдардың рецензенттері «Outstanding Reviewer» («Үздік рецензент») құрметті атағына ие болды.

          Атап айтқанда, International Journal of Mathematics and Physics (Scopus) журналының «Mathematics» секциясы бойынша рецензенті, механика кафедрасының профессоры, PhD Ержан Беляев ерекше марапатталды.

          Бұл марапат — Scopus базасында индекстелетін журналдардың сапасын сақтауға және арттыруға үлкен үлес қосып жүрген рецензенттердің жоғары кәсібилігі мен көпжылдық еңбегін халықаралық деңгейде мойындау болып табылады.

          Профессор Ержан Беляевті лайықты марапатымен құттықтап, ғылыми қызметінде жаңа табыстар тілейміз!

Механика кафедрасы