Қараша айының 21 жұлдызында геодезия және картография мамандығының 1 курс студенттерімен “Заң қоғам тірегі” атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты студенттерге заңның қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға, құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағыттау.
Заң – мемлекеттің негізгі тірегі, қоғам өмірінің тұрақты әрі әділ дамуының кепілі. Әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамдағы тәртіп пен үйлесімділікті қамтамасыз ету – заңның басты міндеті. Заңды құрметтеген қоғамда бейбітшілік, қауіпсіздік және әділеттілік орнайды.
ҚР Конституциясындағы басты қағида:
«Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Заңды білудің маңыздылығы өте жоғары. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сонымен қатар:
- туындаған дауда өз құқығыңды қорғай аласың;
- алаяқтық, құқық бұзушылықтан сақтайды
- қоғамда мәдениетті, білімді азамат ретінде қалыптастырады.
Заң – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі. Заңды құрметтеген азамат – жауапты азамат. Әрқайсымыз өз құқығымызды біліп, міндетімізді орындай білсек, елдің болашағы жарқын болмақ.