Қарттардың жылы жүздері мен әңгімесіFarabi University

Қарттардың жылы жүздері мен әңгімесі

9 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс «Метеорология» білім беру бағдарламасының студенттері Сыпатай батыр көшесі, 15 мекенжайындағы «Мейірім» қарттар үйіне барып, қарттармен жүздесіп қайтты.

Бастапқыда студенттерде аздаған уайым болды: қарттардың жағдайы, көңіл күйі, өзіміздің қалай сөйлесетініміз туралы. Бірақ қарттар бізді жылы қарсы алып, сөйлесу жеңіл әрі еркін өтті.

Қарттардың басым бөлігі – әртүрлі салада еңбек еткен, өмірлік тәжірибесі мол, үлкен буын өкілдері. Олардың арасында мұғалім, медицина қызметкері, әскери саланың ардагерлері және жұмысшы болып ұзақ жыл еңбек еткендер бар. Әрқайсының өз өмір жолы, естеліктері мен бөлісер ақпараты жеткілікті.

Кездесу барысында студенттер қарттардың денсаулық жағдайы, күнделікті өмірі, мекемедегі күтімі және оларды не толғандыратыны туралы сұрап, жақынырақ танысты. Қарттар жастарға оқудың, тәртіптің, сабырдың және мейірімділіктің маңызын айтып, кеңестерін берді.

Бұл сапар студенттердің үлкендерді құрметтеу, адамгершілік және жанашырлық сезімдерін күшейтіп, қарттар үшін әңгімелесіп, уақыт өткізуге жақсы мүмкіндік болды.