- Басты бет
- Жаңалықтар
- PhD дәрежесін алуға бір қадам. Н.Е. Хамит және Н.С. Аталыкова докторанттардың ғылыми семинары.
PhD дәрежесін алуға бір қадам. Н.Е. Хамит және Н.С. Аталыкова докторанттардың ғылыми семинары.
2025 жылдың 12 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Картография және геоинформатика кафедрасынның аясында ғылыми семинар болды. Бұл күн жас зерттеушілер – Хамит Нұржан Ержанұлы және Аталыкова Назым Султангалиевна үшін ерекше әрі жауапты кез болды.
Олар «6D07302-Геоинформатика» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу жолындағы алдын ала қорғауға жіберілді.

Ғылыми семинар барысында диссертанттар өз зерттеулерінің қағидалары мен жаңашылдылықтарын, мақсаттары мен міндеттерін, қолданылған мәліметтер базасын және тәжірибелік-өндірістік нәтижелерін жан-жақты әрі нақты баяндап, ғылыми жұмысын сәтті өткізді.
Ұсынылған диссертациялық жұмыстар өзектілігімен және ғылыми жаңашылдылығымен, сонымен қатар өндірістік тәжірбиесімен ерекшеленіп, сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Қатысушы мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққан жауап беріліп, ғылыми жұмысты жетілдіру мақсатында ұсыныстар ескерілді.

Кафедра ұжымы атынан Нұржан Ержанұлы мен Назым Султангалиевнаны шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы алдын ала қорғауға сәттілік пен ғылым жолындағы жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!
Басқа жаңалықтар