ТДМ-11 аясында докторанттың Н.Е. Хамит ғылыми семинары.
Тұрақты даму мақсаттарының бірі – қалалар мен елді мекендердің ашық, қауіпсіз, төзімді және экологиялық тұрақты болуын қамтамасыз ету. Бұл міндет урбанистік инфрақұрылымды дамыту, көлік жүйесін оңтайландыру және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту арқылы іске асады. Бұл тақырып картография және геоинформатика кафедрасының докторанты Хамит Н.Е. ғылыми семинарын талқылау барысында ашылды.

Бүгінгі өткен семинар барысында Алматы қаласының метро желісінің кеңеюі мен экологиялық таза қоғамдық көлік ретіндегі маңызы ерекше атап өтілді. Метро — қаладағы жолаушылар ағынын тиімді басқарудың, көлік кептелісін төмендетудің және зиянды шығарындыларды азайтудың маңызды құралы.
Тұрақты көлік инфрақұрылымы — қауіпсіз де қолайлы қаланың кепілі.
Біз әрбір қала тұрғыны үшін қолжетімді, экологиялық және төзімді қалалық ортаны қалыптастыруды қолдаймыз.
Басқа жаңалықтар