“Тәуелсіздік басты - құндылық” атты кураторлық ашық сабақ өткізілді
2025 жылдың 12 желтоқсанында тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының, “Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі” мамандығының 2 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік басты - құндылық” атты кураторлық ашық сабақ Байботаева Айгуль Диханбаевнаның жетекшілігімен өткізілді.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күннің студенттерге әсері ерекше әрі терең:
Тәуелсіздік тарихымен танысу, еркін ел болудың маңызын түсіну студенттердің елге деген сүйіспеншілігін арттырады. 16 желтоқсан оқиғалары арқылы жастар еліміздің егемендікке жету жолындағы күресін біліп, тарихи сана-сезім қалыптастырды. Тәуелсіздікке қол жеткізудің оңай болмағанын түсінген студенттер өздерінің азаматтық борышын тереңірек ұғынып, жастар еркіндік, әділдік, бірлік сияқты құндылықтарды жоғары қойды.

Басқа жаңалықтар