Заманауи өнердің жаңғырығыFarabi University

Заманауи өнердің жаңғырығы

12 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология және гидрология кафедрасының «Метеорология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Әл-Фараби көшесінің бойында жаңадан ашылған Almaty Museum of Arts музейіне барып, заманауи өнердің сан түрлі бағыттарымен танысып қайтты.  

Жаңадан ашылған Almaty Museum of Arts – қала мәдениетіне жаңа серпін берген ерекше кеңістік. Мұндағы экспозициялар классикалық өнерді заманауи формада көрсетіп, әр туынды өзінің идеялық мазмұнымен, терең ойымен ерекшеленеді. Студенттер түрлі залдарды аралап, өнердің мазмұнын, түстер мен формалардың астарлы мәнін өз көздерімен көріп, жаңа қырынан таныды. Табиғатпен үндескен инсталляциялар мен эмоцияға құрылған арт-объектілер ерекше әсер қалдырды.

Музей қызметкерлері әр шығарманың тарихы, автор көзқарасы және қазіргі өнердің дамуы жайлы мазмұнды ақпарат беріп, студенттердің қызығушылығын арттырды. Бұл экскурсия олардың дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын тереңдетуге ықпал етті.

Сапар барысында студенттер рухани тұрғыдан толысып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытты. Музейден алған әсерлері олардың өнерді жаңа қырынан тануына мүмкіндік берді.