Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Адам өміріндегі білімнің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Адам өміріндегі білімнің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті

13 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 13 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Адам өміріндегі білімнің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Рыспеков Тілепберген Распековичтің 70 жылдық мерейтойына арналды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім берудің адамның кәсіби қалыптасуы мен тұлғалық дамуына әсерін талқылау, заманауи білім беру үрдістерін саралау, халықаралық тәжірибелермен алмасу және ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шараға Қазақстанның және шетелдің жетекші ғалымдары, оқытушылары, практик-мамандары, сондай-ақ АҚШ, Ресей, Украина, Чехия және басқа елдердің өкілдері офлайн және онлайн форматта қатысты.

Қатысушылар география, топырақтану, жерге орналастыру, кадастр және ауыл шаруашылығы салаларындағы білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін талқылады.

Іс-шара ғылым мен білім саласындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.