Декан студенттермен жатақханада кездесу өткіздіFarabi University

Декан студенттермен жатақханада кездесу өткізді

17 желтоқсан, 2025

География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Актымбаева Алия Сағындыққызы №4 және №15 жатақханаларында студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы қысқы сессияға байланысты мәселелерді талқылау, емтихан барысында студенттердің тәртіпке бағынуы  болды.

 

Декан студенттерге емтихан кестесі, сессияны тапсыру ережелері, оқу тәртібін сақтау және сынақтарға алдын ала дайындықтың маңыздылығы туралы еске салды. Сонымен қатар, сессия кезінде академиялық адалдықты сақтау басты мәселе екенін ерекше  атап өтті. Қайта тапсыру мүмкіндіктері және оқу үдерісіне қатысты өзге де маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында жатақханадағы студенттердің оқу және тұрмыстық жағдайларына қатысты сұрақтар көтеріліп, олар бойынша нақты жауаптар беріліп, шешімін табуға әрекет жасалатынын сөз етті.

Мұндай кездесулер әкімшілік пен студенттер арасында ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді уақытында шешуге және оқу мен жатақханада тұру жағдайларын жақсартуға ықпал етеді.