- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-2 бағдарламасы іске асыру шеңберінде, «Қолданбалы энзимология» пәнін оқу кезінде «06В05103 – Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттерімен «Аштықты жою, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына көмектесу мәселелерін шешуге энзимологияның қосқан үлесі» тақырыбында дәріс өткізілді.
ТДМ-2 бағдарламасы іске асыру шеңберінде, «Қолданбалы энзимология» пәнін оқу кезінде «06В05103 – Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттерімен «Аштықты жою, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына көмектесу мәселелерін шешуге энзимологияның қосқан үлесі» тақырыбында дәріс өткізілді.
2025 жылдың 26 қараша айында сағат 11.00-12:50-де ГУК-6-ның 519 аудиториясында - х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. б.ғ.д., профессор Кенжебаева С.С. ТДМ-2 бағдарламасы іске асыру шеңберінде, «Қолданбалы энзимология» пәнін оқу кезінде «06В05103 – Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттерімен «Аштықты жою, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына көмектесу мәселелерін шешуге энзимологияның қосқан үлесі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге аштықты жою, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мәселелерін шешуде биотехнология мен энзимология жетістіктерін қолдану мүмкіндіктерін түсіндіру.
Алғы сөзбен іс-шараны х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А. ашты. Әрі қарай студенттердің баяндамалары тыңдалды: «Аштық проблемасы, оны шешу жолдары», «Аштықты жою проблемасын шешудегі энзимологияның мүмкіндіктері», «Тағам өнімдерін қалдықсыз өндіруде ферменттерді қолдану», «Мемлекеттің Агроөнеркәсіптік кешенінің проблемаларын шешудегі энзимологияның көмегі», «Энзимологияның аштықты жоюға қосқан үлесі». «Аштықты жою мәселелерін шешуде органикалық және ГМО өнімдерін алу». Студенттер агроөнеркәсіптік кешенді, биотехнологияны, энзимологияны дамыту перспективаларын үлкен қызығушылықпен талқылады, заманауи проблемаларды атап өтіп, таза су тапшылығы проблемаларын, ГМО, өсімдіктерді қауіпсіз химиялық қорғау қосылыстарды жасау мен қолданудың орындылығын және т. б. талқылады.
|
|
|
|
|
|
Басқа жаңалықтар





