ҚазҰУ студенттері — СПбПУ Қысқы университетінің қатысушылары мен жүлдегерлеріFarabi University

ҚазҰУ студенттері — СПбПУ Қысқы университетінің қатысушылары мен жүлдегерлері

19 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының студенттері — Ахметшариф Сати, Дускалиев Данеш және Кулькин Николай — 24 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург Петр Ұлы атындағы политехникалық университетінде өткен «Инженерлік ғылымдар бойынша Қысқы университет» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама СПбПУ-дың «Цифрлық инжиниринг» озық инженерлік мектебі базасында ұйымдастырылып, түрлі елдердің студенттерін біріктірді.


            Қатысушылар «Инженер» бағыты бойынша білім алып, цифрлық инжиниринг, инженерлік модельдеу, аэродинамика, өнеркәсіптік дизайн және топологиялық оңтайландырудың заманауи әдістерін меңгерді. Сабақтар СПбПУ оқу корпустарында және Кронштадттағы инжиниринг орталығында өтті. Бағдарлама қорытындысы бойынша Ахметшариф Сати жасанды интеллектке арналған «AI & Beyond» зияткерлік квизінде үшінші орын иеленді. Бағдарламаға қатысу студенттердің кәсіби дамуына және халықаралық академиялық байланыстардың нығаюына ықпал етті.


Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі,
қауымдастырылған профессор Маусумбекова Сәуле Жұмақанқызы