ТДМ 15 мақсаттары шеңберінде құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды орнықты басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің жоғалуын болдырмау мәселелері бойынша «Дәрілік өсімдіктерді сақтау және ұтымды пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Farabi University

ТДМ 15 мақсаттары шеңберінде құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды орнықты басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің жоғалуын болдырмау мәселелері бойынша «Дәрілік өсімдіктерді сақтау және ұтымды пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

22 желтоқсан, 2025

Ботаника және агроэкология кафедрасында 20 қарашада куратор-эдвайзерлер, доцент м.а. Чилдибаева Асел Жумагуловнаның және доцент-зерттеуші Нурмаханова Акмарал Садыковнаның ұйымдастыруымен «6В05102 – Биология» білім беру бағдарламасының ББ 23-04 топ студенттерінің қатысуымен ТДМ 15 аясында «Дәрілік өсімдіктерді сақтау және ұтымды пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында дәрілік өсімдіктердің биоалуантүрлілігін сақтау, табиғи популяциялардың антропогендік факторлар әсерінен азаю себептері, оларды қорғаудың ғылыми негізделген тәсілдері және ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі дәрілік өсімдіктердің рөлін, сондай-ақ оларды жинау, өңдеу және қолдану кезінде экологиялық талаптарды сақтаудың қажеттілігін атап өтті.

Дөңгелек үстел пікір алмасу форматында өтіп, тұрақты даму қағидаттарына сай табиғи дәрілік өсімдік ресурстарын сақтауға және оларды орнықты пайдалануға бағытталған ұсыныстармен қорытындыланды.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы