«Республика күні: Ел болашағы – бірлікте» атты кураторлық сағат
2025 жылдың 24 қазанында «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының эдвайзері, ОП «Экология» 2-курс, орыс бөлімінің эдвайзері Зубова О.А. мемлекеттік мереке - Республика күніне арналған кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған ТДМ 16. «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттер Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихымен, ел дамуының негізгі кезеңдерімен және бұл мерекенің мемлекеттік тұғырды нығайтудағы маңызымен танысты.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихи жолы, басты жетістіктері және ел дамуының болашақ бағытын айқындаудағы жастардың рөлі талқыланды.
Студенттер үлкен қызығушылық танытып, пікірталасқа белсенді қатысып, тақырыпқа шынайы қызығушылық білдірді.
Іс-шара туралы толығырақ:
https://www.instagram.com/reel/DQMs8bGDYFl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==