«Экология» мамандығы студенттеріне аудиториядан тыс дәріс өткізілдіFarabi University

«Экология» мамандығы студенттеріне аудиториядан тыс дәріс өткізілді

10 желтоқсан, 2025

«Тау аймақтарының ландшафтық экологиясы: Медеу шатқалын үлгілік нысан ретінде зерттеу» тақырыбында «Ландшафтық экология» пәні бойынша доцент Т.А. Базарбаева 3-курс «Экология» мамандығы студенттеріне аудиториядан тыс дәріс өткізді.

Студенттер Қазақстан ландшафттарының түрлері мен олардың шығу тегін Медеу шатқалы мысалында зерттеді. Таулы аймақтардың тік белдеулік ерекшеліктері, экожүйелердің тұтастығын сақтау бағытындағы ландшафтық-экологиялық зерттеулер қаралды.

Сабақ барысында табиғи компоненттерді бақылау, антропогендік әсерлерді талдау және тұрақты табиғат пайдалану мәселелері талқыланды. Мұндай іс-сапарлық дәрістер болашақ экологтардың практикалық дағдыларын дамытып, теориялық білімдерін тереңдетуге ықпал етеді.