ҚазҰУ ғалымы «Құрмет» орденімен марапатталдыFarabi University

ҚазҰУ ғалымы «Құрмет» орденімен марапатталды

30 желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы, Теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Медеу Әбішев «Құрмет» орденімен марапатталды. Аталған награданы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласында өткен шарада салтанатты түрде табыстады. 

«Ғылымды және жас ғалымдарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығы. Бұл бағыт Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Өткен жылдан бастап ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары артты, ғылыми тағылымдамаларға гранттар, мемлекеттік стипендиялар мен сыйлықақы, оның ішінде талантты жас ғалымдар үшін стипендия беріледі. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңының қабылдануы мен Президент жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы саланың дамуына жүйелі серпін берді», – деді министр Саясат Нұрбек.

Отандық ғылымды дамытуда еңбек етіп жүрген ҚазҰУ ғалымы Медеу Әбішевті марапатымен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі