- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ оқытушыларының мектептегі дөңгелек үстелге қатысуы: математика және жасанды интеллект
ҚазҰУ оқытушыларының мектептегі дөңгелек үстелге қатысуы: математика және жасанды интеллект
12.01.2025 күні Математика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Айтжанов Серік Ерсұлтанұлы және аға оқытушысы, PhD Шәкір Айдос Ғанижанұлы Алматы облысы Іле ауданы А.Тоқпанов ауылындағы Ә. Молдабеков атындағы 6-мектепте өткен "Жаратылыстану пәндері" бірлестігінің он күндігі аясында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел аясында Серік Ерсұлтанұлы механика-математика факультетінде оқытылатын мамандықтар, жасанды интеллекттің пайдасы мен зияны туралы баяндама жасап, қызықты ақпараттармен бөлісті. Ал, Айдос Ғанижанұлы мектеп қабырғасынан бастау алатын абстрактілі алгебра мен геометрия жайлы мағлұматтарды оқушылар назарына ұсынды. Бұл кездесу өз кезегінде мектеп оқушыларының білім алатын ЖОО ретінде ҚазҰУ таңдауына, сонымен қатар оқушылар математикаға деген қызығушылығының артуына үлкен ықпал етті деген үміттеміз.
Бұл іс-шараның мазмұны БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей үндеседі: ең алдымен ТДМ 4 – Сапалы білім (оқушылардың математика, жаратылыстану және ЖИ туралы білім көкжиегін кеңейту, кәсіби бағдар беру), сондай-ақ ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым (жасанды интеллект пен STEM бағытындағы инновациялық ойлауды насихаттау) мақсаттарына сәйкес келеді. Университет өкілдерінің мектеппен осындай байланысы білім мен ғылымның сабақтастығын күшейтіп, оқушылардың болашақта жоғары білімге саналы түрде таңдау жасауына және заманауи технологияларды жауапты қолдану мәдениетін қалыптастыруына ықпал етеді.

Математика кафедрасының аға оқытушысы, PhD
Шәкір Айдос