Ұлттық құндылықтарға құрметFarabi University

Ұлттық құндылықтарға құрмет

26 қаңтар, 2026

ҚазҰУ-дың геогра­фия және табиғатты пайдалану факуль­те­тінде Тәуелсіздік кү­ніне арналған та­ғы­лымды тәрбиелік іс-шара өтті. Аталған шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 17-ші бағыты – «Бей­біт­шілік, әділдік және тиімді инсти­тут­тар» бағдарламасы ая­сын­да ұйымдас­ты­рылды.

Жиын гидрология, ту­ризм және география білім беру бағдарламаларының білім алушылары арасында өтті. Шараның негізгі мақ­са­ты – студент жастардың отансүйгіштік рухын ны­ғай­ту, ел тарихына, ұлттық құн­дылықтарға деген құрметін арт­тыру, сондай-ақ азамат­тық жауапкершілік, әділдік пен қоғамдық келісім құн­ды­лықтарын дәріптеу бол­ды.

Іс-шара «Менің жүрегім – Қазақстан» тақырыбында өтіп, студенттер арасында қабырға суретін салу ар­қылы елге деген сүйіс­пен­шілікті көркем-шығар­ма­шы­лық тұрғыда жеткізу фор­­масында ұйым­дас­ты­рылды. Тәрбиелік бағ­дар­ламаны тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафе­дра­сының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.д. Гүл­жа­зира Естайқызы мен оқы­тушы Жұлдыз Бекбауова жоғары деңгейде ұйым­дас­тырды.

Басқосуға география және табиғатты пайдалану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұ­мысы жөніндегі орын­ба­сары Айман Шәкенқызы қа­тысып, жастар арасында бейбітшілік, әділдік, заң үс­темдігі мен қоғамдық жа­уап­кершілік қағидаттарын қа­лыптастырудағы мұндай іс-шаралардың маңыз­ды­лығын атап өтті.

Кеш барысында сту­дент­­тер домбырамен күй тартып, «Желтоқсан желі» әнін шырқады. Бұл кө­рі­ністер 1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиғасының тарихи та­ғы­лымын терең сезінуге мүмкіндік беріп, тәуелсіздік жолындағы күрестің рухани құндылығын айқын көрсетті.

Аталған іс-шара сту­дент­тердің шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың ұлттық сана-сезімін қалып­тас­ты­руға, азаматтық ұстанымын нығайтуға, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақ­сат­тарына сай бейбіт қоғам құ­ру идеяларын насихат­тау­ға зор үлес қосты.

 

Мейрамгүл БИЖАНОВА,

Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы