- Басты бет
- Жаңалықтар
- « Абайдың «Толық адам» іліміне арналған дәріс» атты ашық сабақ хаттамасы. ЦУР 3 — Салауатты өмір және әл-ауқат (психоэмоционалдық және рухани әл-ауқат тұрғысынан).
« Абайдың «Толық адам» іліміне арналған дәріс» атты ашық сабақ хаттамасы. ЦУР 3 — Салауатты өмір және әл-ауқат (психоэмоционалдық және рухани әл-ауқат тұрғысынан).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің электроника және астрофизика кафедрасының оқытушысы Мақсұтова Алуа Арланқызы ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23 қаңтар күні сағ 11:00-де 420 кабинетте «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1 курс студенттеріне « Абайдың «Толық адам» іліміне арналған дәріс» тақырыбында іс- шара өткізілді.
Жауапты куратор: Мақсұтова А.А. Электроника және астрофизика кафедрасы.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге Абай Құнанбайұлының «Толық адам» ілімінің мәнін терең түсіндіру, адамгершілік, рухани-этикалық құндылықтарды насихаттау және тұлғалық дамуға бағыт беру.
Ашық сабақ барысында Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдеріне сүйене отырып, «Толық адам» ілімінің мәні жан-жақты талданды. Дәрісте «ақыл», «жүрек», «қайрат» ұғымдары жеке-жеке қарастырылып, олардың адам болмысындағы үйлесімділігі негізгі идея ретінде көрсетілді.
Сабақ барысында Абайдың 7-қара сөзі мен 38-қара сөзіне ерекше назар аударылып, толық адамның сипаты, адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер талқыланды. Теориялық материал өмірлік мысалдармен, нақыл сөздермен және сұрақ-жауап әдісі арқылы толықтырылды.
Сабақ барысында студенттер белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерін еркін білдірді. Тақырып бойынша ой қорытып, «Толық адам» ұғымының қазіргі қоғамдағы маңызын түсінгені байқалды.
Нәтижесінде студенттер:
- Абайдың «Толық адам» ілімінің негізгі мазмұнын меңгерді;
- Рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызын түсінді;
- Өзін-өзі дамыту, кемелдену туралы ой түйді.
Абайдың «Толық адам» іліміне арналған ашық сабақ өз мақсатына толық жетті. Сабақ мазмұны студенттердің рухани дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал етті. Ашық сабақ әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланады.
Басқа жаңалықтар