Заң клиникасының өкілдері 2025–2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру аясында Алматы қаласындағы № 200 гимназияның білім алушыларымен кездесу өткіздіFarabi University

Заң клиникасының өкілдері 2025–2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру аясында Алматы қаласындағы № 200 гимназияның білім алушыларымен кездесу өткізді

28 қаңтар, 2026

    2026 жылғы 28 қаңтарда Алматы қаласындағы № 200 гимназияда 2025–2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру аясында 8–10 сынып оқушыларымен «Бірлік пен өзара түсіністік — зорлық-зомбылықсыз мектептің негізі» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

  Іс-шараға гимназия директоры Айнұр Нұрымқызы, мектеп психологтары, Наурызбай ауданы Полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Әдіба Алмасова, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті жанындағы студенттік заң клиникасының өкілдері кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы, кафедра профессоры Айғаринова Гүлнар Төлеухадирқызы, студенттік заң клиникасының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Байдельдинов Дәулет Лайкович, аға оқытушылар Бакиров Дархан Абдиманапұлы, Елеусізова Нұргүл Төлеубекқызы, сондай-ақ заң клиникасының басқа да өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда, олардың бойында жауапкершілік, әділдік және айналасындағыларға құрмет сезімдерін дамытуда заң мен тәртіп құндылықтарының маңыздылығы атап өтілді. Зорлық-зомбылықтың алдын алудың негізгі факторы ретінде құқықтық және моральдық нормаларды сақтау, қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру, сондай-ақ оқушылар арасында сенім мен өзара түсіністікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  Мұндай профилактикалық және ағартушылық іс-шараларды өткізу оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, әлеуметтік жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал ететіні атап өтілді, сондай-ақ саналы, белсенді және заңға бағынатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

    Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, оқушылармен белсенді диалог форматында ұйымдастырылды және айтарлықтай тәрбиелік әрі профилактикалық маңызға ие болды. Алынған білім мен ұсыныстар мектеп ортасында өзара құрмет, төзімділік және зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қабылдамау атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.