24 қаңтар — Халықаралық білім күні. Білім — медицинаның алтын іргетасы
№4 «Сапалы білім беру» Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Іргелі медицина кафедрасының оқытушылары мен 6B10114 «Медицина» мамандығының 1-курс студенттерінің (ОМ 25-01 қазақ тобы) қатысуымен «24 қаңтар — Халықаралық білім күні» тақырыбында бірлескен іс-шара өткізілді. Студенттер жоғары білім және оның мемлекет дамуындағы рөлі туралы үш баяндама жасады. Әр баяндамадан кейін сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, студенттер белсенді қатысып, өзекті сұрақтар қойылды.
24 қаңтар — ЮНЕСКО шешімімен бекітілген Халықаралық білім күні. Осы атаулы күнге байланысты бұл іс-шара болашақ дәрігерлердің кәсіби білімге деген қызығушылығын ояту, жас мамандарды академиялық адалдыққа және зияткерлік ізденіске ынталандыру, сондай-ақ заманауи медицинадағы үздіксіз білім берудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Дәрігердің кәсіби білім деңгейі оның моральдық жауапкершілігімен тікелей байланысты екендігі ерекше атап өтілді.
Іс-шараны кафедра оқытушылары Т.А. Ахаева, А.А. Рахымжан, А.Т. Тарғынова және Н.Ө. Үрнеш ұйымдастырды. Талқылауға ОМ 25-01 қазақ тобының студенттері белсенді түрде қатысты.
.jpeg)
Басқа жаңалықтар