Ұлыбританияның жетекші ғылыми лабораторияларына тәжірибе алмасуFarabi University

Ұлыбританияның жетекші ғылыми лабораторияларына тәжірибе алмасу

1 шілде, 2025

Кафедрамыздың аға оқытушысы Адилжанова С.А. Ұлыбританияның жетекші ғылыми лабораторияларына тәжірибе алмасу мақсатында сапармен барды. Сапар барысында цифрлық егіздер, жасанды интеллект (AI) және өнеркәсіптік интернет (IIoT) бағыттарындағы өзекті зерттеулер мен практикалық шешімдер бойынша пікір алмасуға белсенді қатысты. Әсіресе, азық-түлік өндірісінде цифрлық платформаларды енгізу, деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және киберқауіпсіздік жүйелерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Адилжанова С.А. Бирмингем, Ноттингем, Линкольн және Лафборо университеттерінде өткен кездесулер мен семинарларда кафедраның ғылыми бағыттарын таныстырып, халықаралық серіктестіктер аясында бірлескен зерттеулер, академиялық алмасу және докторанттарға арналған бағдарламалар бойынша ұсыныстарды ортаға салды. Сонымен қатар, 23–24 маусым күндері Лондонда өткен «The Third UK AI Conference 2025» халықаралық конференциясына қатысып, жасанды интеллектіні қауіпсіз және жауапты пайдалану, дербес деректерді қорғау және әділдік пен сенімділік қағидаттарын сақтау мәселелерін талқылады. Бұған қоса, сапар соңында Дерби қаласындағы SmartParc SEGRO инновациялық азық-түлік индустриясы орталығына бару арқылы цифрлық егіздер мен автоматтандырылған өндірістік жүйелерді нақты өндірісте қолдану тәжірибесімен танысты. Бұл сапар кафедра үшін жаңа ғылыми байланыстар орнатуға және халықаралық жобаларға қатысуға кең мүмкіндіктер ашқаны сөзсіз.