Қытайтану кафедрасының докторанты арнайы мақсаттарға арналған қытай тілін оқыту бойынша семинар өткізді.Farabi University

Қытайтану кафедрасының докторанты арнайы мақсаттарға арналған қытай тілін оқыту бойынша семинар өткізді.

4 ақпан, 2026

      2026 жылғы 4 ақпанда Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында «Шетел филологиясы» мамандығының 1-курс докторанты Chen Jiaxu ғылыми семинар өткізді.

      Семинарда Алматы қаласындағы арнайы мақсаттарға арналған қытай тілі оқытудың ерекшеліктері мен әдістемесі жан-жақты қарастырылып, қатысушылар тәжірибе бөлісті және пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

  Іс-шараға факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Кайранбаев Н.С., кафедра оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Қатысушылар соңғы әдістемелік жаңалықтарды талқылап, шетелдік тілдерді оқытудың тиімді жолдары туралы пікір алмасты. Семинардың негізгі мақсаты – қытай тілін арнайы мақсаттар үшін оқытуды жетілдіру, сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдарды ғылыми зерттеу жүргізуге ынталандыру. Іс-шара университеттің халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми зерттеуді дамыту стратегиясына сәйкес ұйымдастырылды.