Профессор М.Ш. Губайдуллинаның есімін ұлықтауға арналған «Орталық Азия мен ЕО: әріптестіктің стратегиялық бағыттары, өзара трансформация және жаһандық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияFarabi University
Референдум 15 марта

Профессор М.Ш. Губайдуллинаның есімін ұлықтауға арналған «Орталық Азия мен ЕО: әріптестіктің стратегиялық бағыттары, өзара трансформация және жаһандық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

5 ақпан, 2026


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Сізді профессор М.Ш. Губайдуллинаны еске алуға арналған «Орталық Азия мен ЕО: әріптестіктің стратегиялық бағыттары, өзара трансформация және жаһандық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Бұл іс-шара  белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз және көрнекті тұлғаның жарқын бейнесін ұрпақ жадында сақтау және оның отандық ғылымды дамытудағы өлшеусіз еңбегін, шәкірт тәрбиелеудегі өнегелі жолын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылады.

Мара Шаукатовна Губайдуллина - тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Германияны зерттеу орталығының директоры. Ол Қазақстанда және шетелде халықаралық қатынастар мен саяси ғылымдар саласындағы  танымал ғалым, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты.

М.Ш. Губайдуллина Қазақстанда жаңа ғылыми бағыт - германистика саласының негізін қалап, Еуропа мен Азияның, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің жетекші ғылыми-зерттеу және білім беру институттарымен кең ауқымды халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуға ат салысты.

Конференция барысында қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы аясында Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың дамуының негізгі параметрлерін, сондай-ақ өзара ықпалдастықтың маңызды салаларын - саясат, қауіпсіздік, экономика, энергетика, климат және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Конференцияға қатысуға сараптамалық және ғылыми қауымдастық өкілдері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Өтетін орны: Қарасай батыр көшесі, 95, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс, неміс.

Өткізу күні мен уақыты: 27 ақпан 2026 ж, 10:00–17:00.

Конференция форматы: аралас (онлайн/офлайн).

Конференцияға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 20 ақпанға дейін электрондық пошта арқылы қабылданады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаса, электронды пошта арқылы gmovkebaewa@mail.ru Мовкебаева Галия Ахметвалиевнаға хабарласыңыз.

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті